Дидара Масалимова
Continuation Fund CEO
Дидара М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында «Есеп және аудит» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін, «Экономика және бизнес» бағыты бойынша магистр дәрежесін алған.
HoReCa саласындағы бизнесті басқару бойынша 15 жылдан астам тәжірибесі бар. Еңбек жолын қатардағы қызметтен бастап, кейін басшылыққа және жеке бизнес иесіне дейін өскен. Осы жылдар ішінде стратегиялық басқару, операциялық тиімділікті арттыру, бизнесті кеңейту және компанияның құнын өсіру бағыттарында мол тәжірибе жинақтаған.
Бизнесті дағдарыстан шығару, жұмыс тиімділігін арттыру және компаниялардың қаржылық нәтижелерін жақсарту бойынша табысты тәжірибеге ие.
Қазір 15-тен астам компанияны біріктіретін Continuation Fund қорының инвестициялық портфелін дамытуға жетекшілік етеді. Инвестициялық стратегияға, корпоратив басқаруға, активтердің құнын өсіруге, сондай-ақ компанияларды одан әрі дамытуға және жаңа капитал тартуға дайындауға жауап береді.