Әділбек Қамиев

Әділбек Қамиев

Deputy CEO

Әділбек Қамиев – Қызылорда қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің түлегі, оқу кезінде физика-математика пәндері бойынша дүниежүзілік олимпиадаларда түрлі орындарға ие болды. Жоғары білімді 2018 жылы Назарбаев Университетінде «Economics» мамандығы бойынша алған. Сонымен қатар, ол IBF (Institute of Business & Finance) бағдарламасының Certified Fund Specialist дәрежесін алды.

2018-2021 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да жұмыс істеп, ішкі инвестициялармен айналысты. Ол өз командасымен бірге еншілес компанияларының кірістілігін арттыруға ықпал еткен маңызды үш жобаны сәтті жүзеге асырды.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін EA Group холдингінің құрамындағы EA Ventures венчурлық бөлімшесінің басшысы қызметін атқарады. Қазақстандық және халықаралық стартаптарды тарту және бағалау, инвестициялау және оларды дамытумен айналысады. Оның тікелей қатысуымен EA Ventures S1lkPay, Parqour, Hero’s Journey, Platma компанияларына инвестиция жасады.