Біз туралы
EA Group – тікелей инвестициялар, венчур капитал және хедж қор бағыттарын біріктіретін инвестициялық холдинг. Портфельде барлығы 29 компания бар, активтердің жалпы құны — 210 млн АҚШ доллары. Біз Қазақстан мен Еуропа нарығында жұмыс істейміз.
Миссиямыз
Біздің жұмысымыздың негізі – сенім. Біз осы сенім арқылы инвесторларымыз, портфельдегі компанияларымыз бен командамызда айрықша құндылық қалыптастырамыз. Нәтижесінде инвесторлар қайта-қайта таңдайтын қорлар құрамыз.
Құндылығымыз
EA Group Holding портфелінің спорттан бастап венчур жобаларға дейін қамтитын әралуан активтері ортақ жұмыс принциптеріне негізделген. Қызметкерлеріміз бен ұзақмерзімді қарым-қатынас орнатқан комнанияларымызды проактивтілік, мұқалмас жігер және серіктестік біріктіреді.
Проактивтілік – біз тәуекелді азайтамыз, бастама көтеруден қорықпаймыз, нәтижеге жеткізетін жұмыс істейміз және үнемі жаңа нәрсені үйренеміз.
Мұқалмас жігер – мақсатымызға нық қадам басамыз, қатеден сабақ аламыз, уағдаласу шарттарын сақтаймыз және принциптерімізді қорғаймыз.
Серіктестік – қиындық туындаса ашық талқылаймыз, түрлі пікірді құрметтейміз, бір-бірімізге қолдау көрсетіп, бәсекесіз бірге өсеміз.
Біздің тарихымыз
2018
- Холдингтің негізі қаланды
- Портфельдегі бірінші компания – Tarlan Payments компаниясын алдық
2021
- Венчур қор құрылды
- Алғашқы мәміле жасалды — қазақстандық Parqour стартапы
2022
- Тікелей инвестициялар қоры құрылды
- Портфельге Qara Studios компаниясы қосылды
2023
- Тікелей инвестициялар портфелін кеңейту: Қазақстандағы алғашқы жеке футзал клубы — «Семей» ФК-ын қосқанда барлығы 4 компания сатып алынды/құрылды
- Тікелей инвестициялар қорының алғашқы экзиті: Alem Research технологиялық компаниясы сатылды
2025
- Испанияда EA Ventures Plug and Play EMEA Fund венчур қоры іске қосылды, 5 стартапқа инвестиция салынды
- Хедж-қор іске қосылды: әлемдік стандарттарға сай кешенді инфрақұрылым жасалды