Жергілікті тарих – мәдени жоба ретінде: «Сәлем, Семей!» жаңа кітабы жарыққа шықты
Семей қаласында «Сәлем, Семей!» атты отбасылық безендірілген нұсқаулық кітабының таныстырылымы өтті. Бұл – Қазақстанның қалалары мен табиғаты туралы серияның төртінші кітабы. Басылым балалар мен ересектерге қаланы жергілікті тарихи оқиғалар, сирек кездесетін деректер мен көрнекі бейнелер арқылы таныстыруды мақсат етеді. Барлық материалдар мен визуалды бейнелер қала тұрғындарының өздері жинаған деректерге негізделген.
Кітап «Прииртышье» өлкетану қоғамының материалдарына және қаланың жанашыр азаматтары жариялаған мәліметтер негізінде жазылды. Басты назарда – қала: оның мәдени құндылығы, жаңалықтары мен жетістіктері. Мысалы, кітапта Қазақстан аумағында футболдың алғаш рет Семейде ойналғаны туралы айтылады.
Кітапты Tentek Publishing House балалар баспасы EA Charity Fund және Meloman Publishing қолдауымен жарыққа шығарып отыр.
«Бұл кітаптың жарық көруіне қорымыздың атсалысқанына қуаныштымыз. Ұзақ мерзімді мәдени құндылықтарды қалыптастыратын бастамаларды қолдау біз үшін маңызды. Бұл – жай басылым ғана емес, ұрпақтар арасындағы, қала мен оның тұрғындары арасындағы диалогтың негізі», – деп атап өтті EA Charity Fund директоры Айдар Бөрібаев.
Нұсқаулықты Семей қаласының тумасы, Невзоровтар отбасы музейі жанындағы көркем студияның түлегі Анастасия Кухтурцева жасаған бейнелер әсемдеп тұр. Көрнекі бейнелер мәтінді суреттеп қана қоймай, қаланың сәулеті, ортасы мен жергілікті атмосфераны баяндайтын дербес әңгімелеу тәсілі ретінде қолданылған.
«Сәлем!» сериясы біздің баспамызда ерекше орын алады. EA Charity Fund қолдауымен шығарылған жаңа кітаптың Семей қаласына арналуы мені қуантып отыр. Әр кітапты біз тек Қазақстан мамандарымен бірге дайындаймыз. Әр туындыға авторлар мен иллюстраторлар ретінде жергілікті креаторларды шақырамыз. Бізге қала туралы әңгімесін айтып берген журналист Руслан Шақабаевқа, осы басылымдағы тарихи деректерді тексеріп берген Марат Сасановқа алғыс айтамыз. Кітап Семей тұрғындарына ғана емес, барлық қазақстандықтарға қызықты әрі пайдалы болады деп үміттенемін», – дейді Tentek Publishing House бас редакторы Малика Кохан.
Кітаптың таныстырылымы 1890 жылы салынған бұрынғы диірменнің тарихи ғимаратында өтті. Қазіргі таңда бұл жерде Pana Unique Semey қонақ үйі мен Tary этно-кафесі орналасқан. Кітаптың мағыналық жалғасы ретінде таңдалған бұл орын қаланың өткені мен қазіргі мәдени өмірін байланыстыратын диалог алаңына айналды.
Қазақ және орыс тілдерінде шығарылған кітап Meloman желісінде Астана, Алматы, Семей және Шығыс Қазақстан облысы аумағында сатылымға шығарылады, сондай-ақ, музейлерге ұсынылып, маркетплейстерден сатып алуға болады. Қалалық кітапханаға бірнеше дана табысталды.
Жобаның командасы:
- Шығарушы редактор – Малика Кохан
- Иллюстрациялар – Анастасия Кухтурцева
- Мәтінді тексеру – Мария Яковлева
- Дизайн – Tentek Publishing House
- Сарапшы – Марат Сасанов
- Қазақ тіліне аударған – Қуаныш Жұбандық
- Қазақша нұсқаның әдеби редакторы – Таңшолпан Төлеген
- Қазақша нұсқаның корректоры – Оралай Алейдарова.
Анықтама
«Сәлем, Семей!» – Қазақстанның қалалары мен табиғатына арналған «Сәлем!» сериясының төртінші кітабы. Кітапты Tentek Publishing House балалар баспасы EA Charity Fund және Meloman Publishing қолдауымен жарыққа шығарды.