21.09.2026

Бастамалар

Қазақстанда финтех тұтынушысы үшін бәсекеде банктер басым түсті: стартаптар даму моделін өзгертуде.

«Fintech in Kazakhstan 2026» зерттеуі көрсеткендей: қазақстандық финтех-нарық ірі банк экожүйелерінің айналасында қалыптасты. Банктер бұқаралық тұтыну нарығының айтарлықтай бөлігін иеленді, сол себепті тәуелсіз технологиялық компанияларға түпкілікті клиент үшін бәсекеге түсу қиындай түсуде. Сонымен қатар, ашық банкингті (Open Banking), қызмет ретіндегі банкингті (Banking-as-a-Service), ортақ төлем инфрақұрылымын дамыту және реттеу жүйесін жетілдіру шағын технологиялық бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.

Central Asia Fintech Summit аясында RISE Research & Advisory агенттігі Tarlan Payments, BCC Hub және Fintech Center-пен серіктестікте әрі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қолдауымен дайындаған «Fintech in Kazakhstan 2026» Қазақстанның финтех нарығына арналған жыл сайынғы үшінші ұлттық зерттеуін таныстырылды.


Банктер бұқаралық финтех нарығының негізгі бөлігін иеленді


Бес ірі банк банк секторы активтерінің 69%-ын бақылайды. Олардың мобильді қосымшаларында төлемдер, несиелеу, электрондық коммерция, саяхат, көлік, мемлекеттік және басқа да күнделікті сервистер біріктірілген. Банктер экожүйелерін шағын бизнес сегментінде де кеңейтіп келеді. Зерттеу авторларының бағалауынша, қазірдің өзінде олар шағын бизнестің 19 негізгі қажеттілігінің 16-сына — компанияны тіркеу мен шот ашудан бастап, төлемдер, несиелеу, қызметкерлермен есеп айырысу және бухгалтерлік сервистерге дейінгі шешімдерді ұсынып отыр. Нәтижесінде тәуелсіз финтех-компаниялар мен стартаптар үшін кеңістік тарылып келеді. 


2021-2025 жылдары қазақстандық финтех стартаптары шамамен $72 млн көлемінде венчурлық инвестиция тартты. 2023 жылы $32 млн-ға жеткен шарықтау көрсеткішінен кейін инвестициялар көлемі 2024 жылы $19 млн-ға, ал 2025 жылы $8 млн-ға дейін төмендеді. Бұл ретте мәмілелердің басым бөлігі бастапқы кезеңдерге тиесілі. Инвестициялық мәмілелер B2B және инфрақұрылымдық шешімдерге жиірек шоғырлануда. 




2026 жыл: Қазақстандағы реттеу мен қаржы инфрақұрылымының жаңа кезеңі


2026 жыл Қазақстандағы қаржылық реттеу саласындағы өзгерістерге ең толы кезеңдердің бірі болды— банк, цифрлық, салықтық реттеуде маңызды өзгерістер қабылданып, ЖИ-ді (жасанды интеллектіні) қолданудың жаңа ережелері, сондай-ақ цифрлық активтердің ұлттық реттеу режимі қалыптастырылды. Сонымен қатар қаржылық инфрақұрылымның жаңа маңызды элементтері — банкаралық QR-төлемдер мен телефон нөмірі арқылы жасалатын аударымдар, мемлекеттік шығыстар жүйесінде цифрлық теңгені ауқымды пайдалану, Антифрод-орталық және басқа да жобалар іске қосылды. 

ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы жаңа Заң екі деңгейлі лицензиялау жүйесін енгізеді, ашық банкингті және қызмет ретіндегі банкингті (Banking-as-a-Service) дамытуды қарастырады, сондай-ақ банктер мен сыртқы технологиялық компаниялардың өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерін,  сондай-ақ банктер мен технологиялық компаниялардың өзара іс-қимыл мүмкіндіктерін кеңейтеді. Сонымен бірге тәуекелдерді басқаруға, киберқауіпсіздікке және деректерді қорғауға қойылатын талаптар күшейтілуде. Осылайша, қаржы инфрақұрылымы технологиялық компаниялар үшін ашық бола түсіп, барлық нарық қатысушыларына қойылатын талаптарды қатар арттыруда.


Қазақстан бірыңғай төлем инфрақұрылымын қалыптастыруда


Қазақстан негізінен қолма-қол ақшасыз төлемдер моделіне көшті: 2026 жылы қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі 88%-ға жетті, ал 2019 жылы бұл көрсеткіш 67% болған. Сонымен қатар төлемдер құрылымы да өзгеруде. Қолма-қол ақшасыз транзакциялар санындағы QR-төлемдердің үлесі 2023 жылғы 14%-дан 2025 жылы 28%-ға дейін өсті. 2026 жылғы қаңтар–мамыр аралығында QR-төлемдер айналымы шамамен $17 млрд-қа жетіп, екінші жыл қатарынан POS-терминалдар арқылы жасалған операциялар айналымы көлемінен асып түсті.


2026 жылғы 19 шілдеде бірыңғай банкаралық QR жүйесі мен телефон нөмірі арқылы аударымдар елдегі барлық бөлшек банктерде іске қосылды. Сонымен қатар ашық бағдарламалық интерфейстер (API) арқылы банктер мен технологиялық компаниялар арасында деректер алмасуға мүмкіндік беретін инфрақұрылым дамып келеді. Бұл банктер арасындағы бәсекенің сипатын өзгертуде. Негізгі төлем инфрақұрылымы бірізденген сайын, банктердің өз төлем шешімдері жеке-дара бәсекелік артықшылық болудан қалып барады. Өнім сапасы, клиенттік тәжірибе, деректермен жұмыс істеу және қосымша сервистер барған сайын маңызды бола түсуде.


«Негізгі төлем инфрақұрылымы баршаға ортақ болған кезде, төлем қабылдау мүмкіндігінің өзі бәсекелік артықшылық болудан қалады», — Tarlan Payments компаниясының CEO-сы Андрей Седенко дейді. — «Бизнестің мәселесін бірыңғай интерфейс арқылы жылдам әрі ашық шешіп, клиентке тек бастапқы кезеңде ғана емес, оның өсуі барысында да қолдау көрсететін компаниялар жеңіске жетеді. Тәуелсіз финтех үшін бұл ортақ инфрақұрылымның негізінде мамандандырылған шешімдер құрып, бірден бірнеше банкпен жұмыс істеуге мүмкіндік береді».


BaaS нарықтың жеке сегментіне айналуда


Қызмет ретіндегі банкинг (Banking-as-a-Service, BaaS) біртіндеп нарықтың жеке бағытына айналып келеді. Егер осыдан бірнеше жыл бұрын мұндай сервистерді тек жекелеген банктер ғана ұсынса, бүгінгі таңда кем дегенде төрт банк сыртқы компанияларға лицензияланған банк инфрақұрылымына, процессингке және басқа да қажетті сервистерге қолжетімділікті ұсынып отыр. Бұл финтех-компаниялар мен қаржылық емес платформаларға серіктестің банк инфрақұрылымы негізінде қаржылық өнімдерді іске қосуға мүмкіндік береді.


«Бүгінде банк инфрақұрылымына қолжетімділікті бірнеше банктен алуға болады. Мұндағы айырмашылық API-де емес. Қолжетімділікпен қатар операциялық жағын — клиентті қабылдау, KYB, шағымдармен жұмыс, қызмет көрсету деңгейлері мен интерфейс иесімен жауапкершілікті бөлуді — кім өз мойнына алатыны маңызды. Клиент алдындағы жауапкершілік банкте қалады. Сондықтан біз үшін BaaS — өнім желісі емес, операциялық модель», — деп BCC Hub бас директоры Руслан Енсебаев атап өтті.


Цифрлық активтер пилоттық режимнен ұлттық реттеу контурына өтті 


2026 жылғы мамырдан бастап Қазақстанда цифрлық активтерді реттеудің ұлттық жүйесі қолданылады. Ол АХҚО-дағы қолданыстағы реттеу режимін толықтырады. 2025 жылы АХҚО лицензиялаған цифрлық активтер саласындағы қызмет көрсетушілер $10,6 млрд көлеміндегі транзакцияларды өңдеп, шамамен 215 мың клиентке қызмет көрсетті. Сонымен қатар нарық біртіндеп криптоактивтер саудасы шеңберінен шығып келеді. Қазақстанда теңгеге байланған стейблкоин іске қосылды немесе сынақтан өткізіліп жатыр, алтын мен коммерциялық жылжымайтын мүлікті токенизациялау, сондай-ақ цифрлық активтер арқылы төлем жасау жобалары жүзеге асырылуда. Зерттеу авторларының бағалауынша, нақты активтерді токенизациялауды масштабтау және оларды дәстүрлі қаржылық операцияларға интеграциялау нарық дамуының келесі кезеңі болуы мүмкін. 


«Бәсекелестік инфрақұрылым деңгейіне ауысты: ашық банкинг, BaaS және цифрлық активтер — көшбасшылық әлі қалыптасып үлгермеген жаңа бағыттар. Біздің зерттеуімізде алғаш рет Қазақстанның ұлттық реттеу жүйесі мен АХҚО деректері біртұтас көріністе біріктірілді. Бұл нарық қатысушылары мен реттеушіге шешім қабылдау және ортақ күн тәртібін қалыптастыру үшін бірыңғай деректік негіз береді», — деп Fintech Center бас директоры Диас Саветканов атап өтті.



Нарықтың жаңа кезеңі: жасанды интеллект


Зерттеуге сәйкес, тағы бір маңызды үрдіс — жасанды интеллектіні банк қызметіне тереңірек енгізу. Ол кредиттік скоринг пен алаяқтыққа қарсы іс-қимылдан бастап бағдарламалық жасақтама әзірлеу мен тәуекелдерді басқаруға дейінгі бағыттарда қолданылады.


«Қазақстандағы банктердің шамамен 75%-ы клиенттердің кредит қабілеттілігін бағалау, алаяқтық операцияларды анықтау және маркетингте ИИ-ді қолдана бастады. Келесі кезең — ЖИ мен BaaS-тың, яғни компаниялар өз өнімдеріне кіріктіре алатын сыртқы финтех-сервистердің үйлесімі. Бұл шағын технологиялық стартаптарға ірі ойыншылармен ауқымы арқылы емес, клиенттің нақты мәселесін дәлірек шеше алу қабілеті арқылы бәсекелесуге мүмкіндік береді», — деп RISE Research & Advisory директоры Айнур Жантурина атап өтті.



«Fintech in Kazakhstan 2026» есебінің толық нұсқасы RISE Research & Advisory сайтында және серіктестердің сайттарында қолжетімді.