EA Group Holding тікелей инвестициялардың алғашқы циклін аяқтады: портфельдің құны бес есеге өсті
Сегіз жыл ішінде $8 млн көлемінде капитал салынып, портфельдің қазіргі бағалау бойынша құны $41 млн-ға жетті. Қуатты активтер өсудің келесі кезеңіне арнап портфельде қалдырылды.
EA Group Holding инвестициялық холдингі тікелей инвестициялардың алғашқы циклін аяқтағанын жариялады. 2018 жылдан бері портфель құны бес есеге өсті: салынған $8 млн капиталдан холдингтің ішкі бағалауы бойынша $41 млн-ға дейін жетті.
Келесі кезең үшін холдинг continuation моделін таңдап отыр. Яғни, әлеуеті жоғары компаниялар инвестициялық цикл аяқталғаннан кейін сатылмай, инвестордың меншігінде қалып, жеке басқару аясында дамуын жалғастырады.
Портфельге түрлі салаларда жұмыс істейтін үш компания кірген: финтех, агросектор және креатив индустриясы:
• Tarlan Payments – Қазақстан және Еуропа нарықтарында жұмыс істейтін төлем ұйымы. 2025 жылы жалпы маржиналдылық 5,2 пайызға өсті.
• «Дәнекер» шаруа қожалығы – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу кәсіпорны. 2025 жылы түсім 12,3%-ға өсті.
• Qara Studios – бейне контент пен кино өндіретін, бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыратын креативті студия. 2025 жылы OYU Fest фестивалінің түсімі 39%-ға өсті.
«Сегіз жыл бойы біз капиталымызды инвестициялап, нәтижеге тек өзіміз жауап бердік. Бес еселік өсім – сыртқы инвесторлармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін көрсеткіш. Continuation моделі компанияларды негізгі өсім әлі алда тұрған кезде жарты жолда сатпай, әрі қарай дамытуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті EA Group Holding бас директоры Ерік Аубакиров.
Continuation портфелін Дидара Масалимова басқарады. Ол компанияларды іске қосу және трансформациялау бағытында 15 жылдан астам тәжірибесі бар басшы әрі кәсіпкер.
«Портфельде бизнес-моделі қалыптасқан және одан әрі даму мүмкіндігі бар компаниялар жинақталған. Біздің міндетіміз – белсенді басқару, қаржылық тәртіп және құнды өсіру жоспарларын іске асыру арқылы олардың құнын жүйелі түрде арттыру», – деп атап өтті Дидара Масалимова.
EA Group Holding – 2016 жылы құрылған қазақстандық инвестициялық холдинг. Холдинг Қазақстан және Еуропа нарықтарында үш бағыт бойынша жұмыс істейді: тікелей инвестициялар, венчурлік инвестициялар, акциялар мен туынды қаржы құралдарына инвестициялар. Холдингтің басқаруындағы активтердің жалпы көлемі – $210 млн.