03.02.2026

Бастамалар

QARA Studios стратегиялық кеңею туралы хабарлайды: студияны Наргиз Шөкенова басқарады

Алматы, 2026 жылғы 29 қаңтар – Музыка, кино және шығармашылық индустриялар тоғысында өз жобаларын дамытып келе жатқан креативті студия әрі мәдени институт QARA Studios Наргиз Шөкенованың бас директор болып тағайындалғанын хабарлайды. Бұл қадам QARA студиясыдамуының жаңа кезеңін ашып, оны Қазақстанның мәдени мұрасын құрау мен экспорттаудағы негізгі платформалардың біріне айналдырады.

QARA мен Наргиз Шөкенованың альянсы – студияның негізін қалаушы Айсұлтан Сейітов жасаған мықты визуалды эстетиканы терең мәдени және зерттеу сараптамасымен біріктіру болып табылады.


QARA-ға дейін Наргиз Шөкенова еліміздегі жетекші мәдени менеджерлердің бірі ретінде танылды. Ол Батырхан Шөкенов атындағы қорды басқарды, онда BATYR LAB музыкалық резиденциясын іске қосып, бірқатар баспа және ағартушылық жобаларды іске асырды. Сонымен қатар, Наргиз қазақстандық көрерменге авторлық киноның ондаған жаңа есімін танытқан тәуелсіз Clique Fest кинофестивалінің негізін қалаған.


«Осындай маңызды мәдени жобаларды жасаған студияны басқару – мен үшін үлкен мәртебе. Мен осынау жобалардың табанды жанкүйерімін. Алдағы жоспарым – осыған дейін атқарылған жұмыстысақтап, жаңа бағыттарды дамыту, оның ішінде баспа қызметі мен мұраға қатысты жобаларды жүзеге асыру. Мен QARA-ны қуатты визуалды тілі мен мән-мағынаға берік негізделген ықпалды институция ретінде көремін», – Наргиз Шөкенова, QARA Studios CEO.


QARA Studios өздерінің авторлық жобаларымен және орнықты мәдени әлемдерімен танымал. Студия экожүйесіне Орталық Азияның барлық өнерпазын біріктіріп, жаңа есімдердің танылуына мүмкіндік беретін OYU Live музыкалық YouTube жобасы; OYU Fest қазақстандық музыка фестивалі мен әлемдік және қазақстандық сарапшылар арасында креативті индустрия бойынша тәжірибе алмасатын форум саналатын QARA Forum кіреді.


Шөкенованың келуімен студия екі негізгі бағыттағы позициясын бірнеше есе нығайта түспек:


* Мән-мағынамен жұмыс істеу – Жаңа басшының зерттеу және архивтермен жұмыс істеудегі тәжірибесі тарихи және мәдени контексті бар сценарийлерді құруға мүмкіндік береді;

* Жаһандық экспансия – Наргиздің фестивальдер мен халықаралық жобалардағы тәжірибесі QARA жобаларына еуропалық және американдық кино нарықтарында сенімді орын алуына көмектеседі.



«Мен Наргизбен бірге QARA-ның жаңа кезеңіне қадам басқаныма қуаныштымын. Ол – біздің индустрияның ең жарқын және батыл кәсіпқой мамандарының бірі», – Айсұлтан Сейіт, QARA Studios негізін қалаушы.