03.03.2026

Инвестициялар

EA Group Holding AI саласына инвестиция салып, халықаралық нарықтағы қызмет ауқымын кеңейтіп келеді.

EA Ventures Plug and Play EMEA Fund Kalipso.ai стартабына инвестиция құйып, компания халықаралық портфельдің бір бөлігіне айналды. Бұл мәміле қор жұмысының тұрақты даму қарқынын және жаһандық технологиялық нарықтағы үлесі жүйелі түрде кеңейтіп отырғанын көрсетеді.

EA Ventures Plug and Play EMEA Fund Kalipso.ai стартабына инвестиция құйып, компания халықаралық портфельдің бір бөлігіне айналды. Бұл мәміле қор жұмысының тұрақты даму қарқынын және жаһандық технологиялық нарықтағы үлесі жүйелі түрде кеңейтіп отырғанын көрсетеді.

Kalipso.ai комплаенс үдерістерін автоматтандыруға арналған AI-шешім әзірлейді. Жүйе қолданыстағы реттеуші талаптарды анықтайды, оларды бизнес өнімдері және қызметтерімен сәйкестендіреді, құжаттамадағы олқылықтарды табады және қалпына келтіруге өзгерістер ұсынады. Бұл компанияларға тәуекелдерді азайтуға, процестерді жеделдетуге және қолмен істелетін жұмысты қысқартуға көмектеседі.

Платформа қазірдің өзінде Еуропалық одақ құқығын және ұлттық реттеуді, соның ішінде ЕО директивалары мен регуляторлық талаптарды қамтиды. Күн сайын жаңартылып отыратын дерекқор халықаралық нарықтарда жұмыс істейтін компаниялар үшін тиімді құралға айналып отыр.

Мәміле халықаралық портфельді қалыптастыру стратегиясының бір бөлігіне айналды. 2025 жылы команда түрлі елдерден келген стартаптардан 3 075 өтінімді қарастырған болатын. 655 жоба мұқият талданып, тек 5 компанияға қаржы құйылды. Олардың қатарында Kalipso.ai да бар.

Ерік Аубакиров, EA Group Holding компаниясының CEO: «Біз халықаралық портфельді қалыптастыруды жалғастырып келеміз. Жаңа қорымыздың жұмысы толық жолға қойылған және жоспарымызға сәйкес жүйелі түрде дамып келеміз. Жаңа компанияларды кезең-кезеңімен портфельге қосып, инвестициялық жоспар бойынша жұмысты жалғастырамыз».



EA Ventures Plug and Play EMEA Fund Қазақстан мен Испания капиталының қатысуымен жұмыс істейді және жаһандық Plug and Play платформасымен серіктестікті дамытады. Негізгі назар халықаралық нарықта даму мүмкіндігі бар технологиялық компанияларға, соның ішінде AI және enterprise-шешімдерге бағытталған.

Kalipso.ai қордың корпоративтік AI-технологиялар сегментіндегі орнын күшейтіп, халықаралық технологиялық портфельді кеңейту стратегиясының бір бөлігіне айналды.