31.10.2025

Бастамалар

Пальма-де-Майоркадағы EA Group Day: холдингтің Еуропадағы экспансиясының жалғасы

29 қазанда EA Group Holding Испанияның Пальма-де-Майорка қаласында нетворкиң-ланч ұйымдастырды. Іс-шараға холдинг жетекшілері, венчур инвесторлар мен Испанияда стартап негізін қалаушылар қатысып, компанияның даму жоспарлары мен ықтимал серіктестік бағыттарын бейресми форматта талқылады. Сән-салтанатсыз, еркін форматта өткен кездесуде өсу мен ортақ мақсаттар туралы ашық әңгіме өрбіді.

Холдингтің инвест сарапшылары EA Group-тың негізгі бағыттары: венчур инвестициялар, тікелей инвестициялар, хедж-қор және қайырымдылық қызметі туралы баяндады. Қонақтар холдингтің қазіргі жобаларымен танысып, соның ішінде EA Global Capital хедж-қорының және Испаниядағы венчур қордың іске қосылғанын білді.


Infograph-03.jpg


2025 жылғы көктемде EA Group Испанияда еуропалық стартаптарға инвестиция салуға арналған EA Ventures Plug and Play EMEA қорын іске қосты. Қордың жалпы көлемі — 20 млн еуро. Алғашқы мәміле жазда жүзеге асып, Лондонда орналасқан, инвестициялық банктердің онбординг процесін автоматтандыратын Sax AI стартапына инвестиция салды. Қазіргі таңда испан қорының портфелінде 5 жоба бар.