Zepo стартапы EA Ventures Plug and Play EMEA Fund қатысқан seed-раундта $15 млн инвестиция жұмылдырды
Киберқауіпсіздік саласындағы халықаралық Zepo Intelligence стартапы seed-раундын $15 млн көлеміндегі қаржымен сәтті жапты. Раундқа жетекші еуропалық венчурлық қорлар, соның ішінде EA Ventures Plug and Play EMEA Fund қатысты. Мәміленің көлемі бойынша раунд Қазақстан–Испания қоры қатысқан киберқауіпсіздік саласындағы ең ірі seed-инвестициялардың біріне айналып отыр.
EA Ventures Plug and Play EMEA Fund – жалпы көлемі €20 млн болатын, ерте сатыдағы әлеуетті стартаптарға бағытталған венчурлық қор. 2025 жылы қазақстандық инвестициялық EA Group холдингі мен Plug and Play инновациялық платформасы тарапынан құрылған. Бүгінгі таңда қор бес стартапқа инвестиция құйып үлгерді және портфельді белсенді түрде қалыптастыруды жалғастыруда.
Ерік Аубакиров, EA Group Holding бас директоры: «Қазақстандық қор үшін жетекші еуропалық инвесторлармен бірге $15 млн көлеміндегі раундқа ену – біздің жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті екеніміздің дәлелі. Zepo киберқауіпсіздік саласындағы ең жылдам дамып келе жатқан нарықтардың бірінде жұмыс істейді, және біз осы тарихтың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз».
Инвестициялар Zepo өнімінің ауқымын кеңейтуге және бизнесті жаһандық деңгейде дамытуға бағытталады. Стартап жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және мінез-құлық ғылымдарын біріктіре отырып жұмыс істейді, social intelligence бағытын дамытады. Бұл тәсіл адамдар мен ұйымдарды AI басқаратын күрделі әлеуметтік инженерия шабуылдарынан қорғауға бағытталған.
Zepo платформасы генеративті AI дамуына байланысты жиілеп келе жатқан көп деңгейлі және жекелей киберқауіптерді анықтауға және алдын алуға көмектеседі. Компания клиенттерінің қатарында оннан астам елдегі ірі корпорациялар мен халықаралық ұйымдар бар.
Раундқа, сондай-ақ, киберқауіпсіздікке маманданған еуропалық Kibo Ventures, eCAPITAL және
TIN Capital қорлары, CrowdStrike және TRC экожүйелерінен стратегиялық және миноритарлық инвесторлар қатысты. Бұған дейін Zepo NVIDIA, Amazon Web Services және CrowdStrike қолдауымен өтетін киберқауіпсіздік саласындағы ең беделді акселераторлардың біріне қатысуға іріктелген болатын.
EA Ventures Plug and Play EMEA Fund Zepo Intelligence-ке құйылған инвестицияны адами факторға және мінез-құлық аналитикасына бағытталған киберқауіпсіздік шешімдерінің жаңа буынына көрсетілген сенім ретінде қарастырады.
Қордың бағалауынша, генеративті AI-дың қарқынды дамуы әлеуметтік инженерия қауіптерін түбегейлі күшейтіп отыр, ал дәстүрлі қорғаныс құралдары барған сайын жеткіліксіз бола бастады.
Zepo-ның жасанды интеллектіні, мінез-құлықты талдауды және ұйымдық тұрақтылықты біріктіретін тәсілі нарықтың қазіргі және болашақ сұраныстарына толық жауап береді.
Стартап өкілдері бұл мәмілені дамудың маңызды кезеңі ретінде бағалайды.
Zepo Intelligence: «$15 млн көлеміндегі seed-раундтың жабылуы – нарыққа мықты сигнал. Біз AI киберқауіптердің табиғатын қалай өзгертіп жатқанын көріп отырмыз, ал Zepo дәл осы сын-қатерлерге жауап беру мақсатында құрылған. Жетекші инвесторлардың қолдауы бізге жаһандық дамуды жеделдетуге және үздік мамандарды жұмылдыруға мүмкіндік береді».
Алдағы уақытта компания АҚШ пен Еуропадағы дамуын кеңейтуге, өнімді және команданы ұлғайтуға, соның ішінде AI, киберқауіпсіздік және мінез-құлық аналитикасы саласындағы сарапшыларды жұмылдыруға басымдық береді.